Ақордадағы ауыс-түйіс: Е. Досаев қызметінен кетті
Ерболат Асқарбекұлы Досаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл жайлы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ол басқа қызметке әлі тағайындалмады.
Артынша Ақорда Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғанын мәлімдеді.

Фото: Ашық дереккөз












