Қызылорда облысында 5 жылда қылмыс саны 20,7 пайызға азайды
Өткен жылы Қызылорда облысында тіркелген құқықбұзушылық саны 2%-ға төмендеді. Қоғамдық орындар мен көшеде, мас күйінде жасалған қылмыс та азайған.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 5 жылда қылмыс саны 20,7%-ға қысқарды.
— Цифрлық технология дамыған сайын жаңа қауіп көбейді. Оның бірі — киберқылмыс. Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы жасалатын алаяқтық жиіледі. Департамент киберқылмыспен күрес бағытында арнайы бөліністің жұмысын күшейтті. Банктер, түрлі байланыс операторлары және басқа да ұйымдармен бірлесіп жұмыс атқарылып жатыр. Алаяқтық белгісі бар 7 мыңға жуық сайт, сілтеме анықталып, бұғаттау үшін «Кибербақылау» жүйесіне енгізілді. «Антифрод» жүйесіне 974 инцидент енгізіліп, 18 млн теңгеден астам қаражат бұғатталды, — делінген хабарламада.
Облыс жолдарында жол апатының алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың жауапкершілігін арттыруға ден қойылған. Өткен жылы жол ережесін бұзудың 304 мыңнан аса дерегі анықталса, оның 176 мыңнан астамы немесе 58%-ы — жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқықбұзушылықтар.
Фото: Polisia.kz












