Қазалы ауданында мемлекеттік әлеуметтік жоба аясында үстіміздегі жылдың 20 наурызы күні «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры мен Қазалы аудандық қоғамдық даму бөлімі бірлесе ұйымдастырған  Ораза айт мерекесі мен Ұлыстың ұлы күніне арналған ұлттық ойындар шарасы өтті.
Іс-шара аудандық «Жанқожа батыр» орталық мешіт аумағында ұйымдастырылып, қатысушылар садақ ату, ләңгі тебу, арқан тарту сияқты дәстүрлі ойындардан өз шеберліктерін көрсетті. Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйлықтар табыс етілді.
Ұйымдастырушылар атап өткендей, шараның басты мақсаты – жастарды патриоттық және ұлттық құндылықтарға баулу, қоғамда достық пен ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихаттық жұмыстарды жүзеге асыру.
Бұл шара жастардың белсенділігін арттыруға, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға және аудан тұрғындарын біріктіруге маңызды үлес қосуда.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *