Су тасқынынан жол жабылды
ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы 2026 жылғы 29 наурыздағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар автожолдардағы ахуал туралы мәлімет жариялады.
Су тасқыны мен қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар өңірлерде қозғалысқа шектеулер әлі де сақталып отыр.
Қай өңірлерде жол жабық?
Қостанай облысы
Мариновка ауылына кіреберіс жолдың 0-9 шақырым аралығы су тасқынына байланысты жабылды. Су жайылған аумақтың ұзындығы 70 метр, биіктігі 20 сантиметрге жеткен. Жолды 5 сәуір сағат 08:00-де ашу жоспарланып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысы
«Тимирязево – Сарыкөл – Қостанай облысының шекарасы» тас жолының 0-30 шақырым бөлігінде барлық көлік түрлерінің қозғалысына тыйым салынды.
Павлодар облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар» автожолының Қалқаман айрығындағы кіреберіс пен Астана бағытына шығу жолы уақытша жабық.
Шығыс Қазақстан облысы
Осинов асуында күрделі тау жағдайына байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктерінің қозғалысына шектеу енгізілді (Северный ауылынан Серебрянск қаласына дейін).

Фото: Ашық дереккөз
Қай жолдар ашық?
Ақмола облысы
«Астана – Шідерті – Павлодар» бағыты бойынша елордадан Павлодар облысының шекарасына дейінгі (16-200 шақырым) жол учаскесі ашық.
Павлодар облысы
Ақмола облысы шекарасынан Атамекен ауылына дейін, сондай-ақ Қарағанды облысы шекарасынан Шідертіге дейінгі жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді. Сонымен қатар, «Қалқаман – Баянауыл» және «Павлодар – РФ шекарасы» бағыттары ашық.
Қарағанды облысы
Павлодар облысының шекарасынан Ботақара кентіне дейінгі және Жастар (Молодежный) кентінен Павлодар облысының шекарасына дейінгі жолдарда көлік қозғалысы қайта жанданды.
ҚазАвтоЖол жүргізушілерге жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын мұқият қадағалауды ескертеді.












