Қызылордалық полицейлер үздік нәтиже көрсетті

Қазақстан Тәжірибелік ату қауымдастығының ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 27–29 наурыз күндері Қонаев қаласындағы «Қайсар» полигонында карабин бөлімінен «Open Kalashnikov» және «Semi-Auto Open» категориялары бойынша жарыс өтті, FASTNEWS.KZ.

Аталған додаға еліміздің әр өңірінен барлығы 137 қатысушы бақ сынады.

Жарыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, «Open Kalashnikov» категориясынан 1 орынды Қызылорда облыстық Полиция департаменті Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторы, полиция майоры Төлекова Лаура Қарабекқызы, ал 2 орынды осы жасақтың инспекторы, полиция кіші лейтенанты Қарлыбай Моншақ Дүрканбекқызы иеленді.

Сондай-ақ «Semi-Auto Open» категориясынан 1 орынды жасақтың аға инспекторы, полиция подполковнигі Самратова Бахыткүл Болатбекқызы жеңіп алса, 2 орынды жасақтың аға инспекторы, полиция подполковнигі Айтбаева Айдана Маханбетжанқызы еншіледі.

Қызылордалық полицейлердің бұл жетістігі олардың кәсіби шеберлігі мен жоғары дайындық деңгейін айқындайды.

Фото: Qyzylorda PD

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %