Халықаралық сауалнама нәтижесі бойынша әлемдегі ең әдепті елдердің рейтингінде Жапония көш бастады. Бұл туралы Time Out басылымы жазды.

Зерттеуді Remitl қаржы компаниясы жүргізген. Сауалнамаға 26 елден 4697 адам қатысып, олардан ең мейірімді әрі сыпайы тұрғындары бар елді атау сұралған. Рейтинг қатысушылардың дауыс үлесіне қарай жасалған.

Нәтижесінде Жапония 35,15% дауыс жинап, бірінші орынға шықты.

Екінші орынды 13,35% көрсеткішпен Канада иеленсе, үшінші орынға 6,23% дауыс жинаған Ұлыбритания тұрақтады. Ал алғашқы ондыққа Қытай, Германия, Филиппин, Швеция, Дания, Финляндия және Оңтүстік Африка Республикасы енген.

Ал алғашқы бестікті Қытай мен Германия түйіндейді.

Қазіргі таңда әлемдегі ең сыпайы 25 ел:

1. Жапония
2. Канада
3. Ұлыбритания
4. Қытай
5. Германия
6. Филиппин
7. Швеция
8. Дания
9. Финляндия
10. Оңтүстік Африка Республикасы
11. Австралия
12. Швейцария
13. АҚШ
14. Үндістан
15. Ирландия
16. Жаңа Зеландия
17. Норвегия
18. Нидерланды
19. Таиланд
20. Франция
21. Бразилия
22. Испания
23. Бельгия
24. Италия
25. Австрия

Фото: Russell Kord/Alamy

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *