«Анаға тағзым» орталығында аймақтың 7 аудандағы «Руханият» орталықтарымен тәжірибе алмасуға бағытталған «Рух керуені» кешенді жобасы бастау алды. Мәдени-танымдық бастама 3 кезең бойынша ұйымдастырылып, әр ауданның рухани әлеуетін арттыруды, жергілікті қоғамдастықтың мәдени белсенділігін арттыруды, мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына жағдай жасауды көздейді.

«Руханият» орталықтарының жұмысын жаңа деңгейге көтеру және тәжірибе алмасу мақсатында 30-31 наурыз күндері «Анаға тағзым» орталығында жобаның алғашқы кезеңі оқу-әдістемелік семинар ұйымдастырылуда. Екі күндік семинар аясында ҚР Үкіметі жанындағы жобалық кеңсенің өңірлік менеджері Индира Ақжігітова мекемелердің даму траекториясын талдау және стратегиялық жоспарлау негіздері бойынша сараптама-сессиясын өткізсе, маркетолог және жасанды интеллект креаторы Жазира Жүнісова жасанды интеллект құралдарын заманауи коммуникация драйвері ретінде тиімді пайдалану жолдарына тоқталмақ.

Сондай-ақ, «Анаға тағзым» орталығының бас редакторы Гүлсім Нұрланқызы цифрлық кеңістіктегі ресми парақшалардың имиджін қалыптастыру мен контент дайындаудың өзекті мәселелерін ортаға салып, бір шаңырақ астына шоғырланған мұражай, кітапхана, мұрағат, ардагерлер мен аналар кеңесі, Жастар ресурстық орталығы, неке қию залы секілді бірнеше мекеменің жұмысын жүйелі ақпараттандыру тәсілдеріне басымдық береді.

«Рух керуені» кешенді жобасының екінші кезеңі «Руханият» орталықтарында жалғасын тауып, тақырыптық практикумдар мен оқыту жұмыстары жүзеге асырылады. Нәтижесінде жеті орталықтың ресми парақшаларының жұмысы жүйеленіп, «Руханият тынысы», «Жас археолог», «Рухани сұхбат» секілді ауданның тыныс-тіршілігі мен тарихи-мәдени өмірінен хабар беретін бірқатар айдар тұрақты түрде жүргізілетін болады. Мамандардың ақпараттық сауаттылығын арттырып, мекемелер арасындағы кері байланысты нығайту, рухани ұйымдардың жұмысын заманауи медиа талаптарына сай форматта қайта жандандыруды көздеген жобаның үшінші кезеңінде «Рух керуені» жобасының үздіктері марапатталады. Үш ай бойы практикалық тапсырмаларды сапалы орындап, әлеуметтік желіні тәрбие құралына айналдыра білген, «Руханият» орталықтарының жұмысын жүйелі насихаттауда белсенділік танытқан аудандарға арнайы номинациялар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Кешенді жоба аясында «Анаға тағзым» орталығы мен спикерлер тарапынан жыл соңына дейін сүйемелдеу жұмыстары жалғасады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *