Қызылордада келелі кездесу өтті
Қызылорда облысы Шиелі ауданында белгілі теолог Дәлелхан Оспановпен кездесулер өтті, — деп хабарлайды fastnews.kz ақпараттық сайты.
2026 жылғы 30-31 наурыз күндері Шиелі ауданында теолог Дәлелхан Оспановтың қатысуымен бірқатар кездесулер ұйымдастырылды. Аталған іс-шараларға білім, спорт, мәдениет саласының мамандары, жастар мен түрлі ұжым өкілдері қатысты.

Кездесулер барысында қоғамдағы рухани құндылықтарды нығайту, жас ұрпақ тәрбиесі, діни сауаттылықты арттыру және дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу мәселелері кеңінен талқыланды. Теолог Дәлелхан Оспанов қатысушылармен ашық форматта пікір алмасып, көкейдегі сұрақтарға жауап берді.
Іс-шараны Шиелі аудандық қоғамдық даму бөлімі мен “Асыл мұра — Орда” қоғамдық қоры бірлесіп ұйымдастырды.
Жиындар өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беріп, қатысушыларға рухани-танымдық тұрғыда үлкен серпін сыйлады.

Фото: Ашық дереккөз












