Атырау облыстық дарынды балаларға арналған ұлттық гимназияның 11 сынып оқушысы Жазира Кеңесова наурыздағы ұлттық бірыңғай тестілеуде келген барлық сұраққа дұрыс жауап беріп, ең жоғары балл жинады.

Ол тестілеуге мектеп бағдарламасынан бөлек арнайы курс арқылы дайындалған. Гимназиядағы белсенді оқушылардың бірі Жазира Кеңесова «Парасат» дебат клубының президенті.

Қаңтар ҰБТ-да 138 балл, Наурыз ҰБТ-да 140 балл жинады. Қазақ тілі және әдебиетіне деген қызығушылығының арқасында сол комбинацияны таңдап, болашақта қазақ тілі және әдебиетінің маманы, филолог болғысы келеді, – деді оқу ордасының басшылығы.

Фото: скрин

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *