Елімізде бір грамм алтын бағасы қанша?
Қазақстан Ұлттық банкінің 2026 жылғы 2 сәуірдегі деректеріне сәйкес, бір грамм алтынның бағасы 70 098,10 теңгені құрады.
Бір апта бұрын бұл көрсеткіш 70 647,24 теңге болған. Осылайша, баға сәл төмендегенімен, жалпы тұрақты деңгейде сақталып отыр.
Бағаның бұл динамикасы әлемдік нарықтағы өзгерістермен байланысты. Соңғы күндері алтын бағасы 1%-дан астам төмендеп, бірнеше күндік өсімін тоқтатты. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қатысты мәлімдемелері әсер етті.
Сауда деректеріне сәйкес, спот алтын 1,3%-ға арзандап, бір унциясы 4 694 долларды құрады. Ал АҚШ-тағы фьючерстер 1,9%-ға төмендеп, 4 723 долларға дейін түсті.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей 100 грамнан асатын алтын құймаларын елден шығаруға тыйым салған болатын.
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform












