Қызылорда: Жосалы ауылын табиғи газға қосу құрылысы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдің инфрақұрылымын дамытуға, әсіресе елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Осы бағытта жүзеге асып жатқан жүйелі жұмыстың жарқын көрінісі Қармақшы ауданында да жалғасуда, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.

Осыған орай, аудан әкімі Жандос Еркінбектің қатысуымен Жосалы ауылдық округін табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

Жиында сөз алған Жандос Еркінбек бұл жобаның ауыл тұрғындары үшін маңыздылығын айта өтіп, азаматтарды көптен күткен қуанышымен құттықтады.

«Бұл атқарылған жұмыстар – тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған істердің нәтижесі. Біз алдағы уақытта да ел игілігі үшін мұндай жобаларды жүйелі түрде жалғастыра береміз. Себебі халықтың әл-ауқатын арттыру – біздің басты міндетіміз. Осы орайда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға қолдау көрсетіп отырған барша азаматтарға алғысымды білдіремін! Ел бірлігі мен ынтымағының арқасында болашақта да үлкен жетістіктерге жетеміз деп сенемін», – деді аудан басшысы.

Жалпы 2020-2024 жылдар аралығында Жосалы, Төретам кенттері мен Ақай елді мекенін және Жосалы кентіндегі«Тәуелсіздік» ықшам ауданын газбен қамтамасыз етуге 5,5 млрд теңге бөлініп, жұмыс толық аяқталып, халық игілігіне берілді. Сондай-ақ былтыр 2025 жылы желтоқсан айында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібавтың арнайы қатысуымен құны 7 млрд-тан асатан Дүр Оңғар ауылына газ жеткізіліп, көгілдір отынмен қамтылды.

Ал басталғалы тұрған Төребай би ауылын газдандыру жобасына республикалық бюджеттен 497 млн теңге бөлініп отыр. Жоба аясында 21 шақырымнан астам газ құбыры тартылып, елді мекен тұрғындары жылу беру маусымына дейін табиғи газ игілігін көретін болады. Сонымен қатар жалпы құны 379 млн теңге болатын Иіркөл ауылына көгілдір отынмен қамту жұмыстары басталатын болады.

Жиын барысында еңбек ардагері Сабытбек Жолмаханов сөз сөйлеп, маңызды бастамамен құттықтаса, ауыл ақсақалы Жақсылық Жалғасбаев ақ батасын беріп, басталған істің берекелі болуына тілегін білдірді.

Тағылымы мол салтанатты шара әсем ән мен әсерлі концерттік бағдарламамен жалғасты.

Фото: Қармақшы ауданы әкімдігі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %