Қызылордадағы Жалағаш ауданында барлық 14 ауыл «Алкогольсіз ауыл» қатарына қосылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында жергілікті әкімдік және прокуратура органының бірлескен жұмысының нәтижесінде Жалағаш ауданына қарасты барлық 14 ауылдық округ алкогольден бас тартып «Алкогольсіз ауыл» мәртебесіне ие болды.

Бұл – жергілікті аумақта қоғамдық тәртіпті нығайтуға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстардың нақты нәтижесі.

Айта кету қажет, жыл басында тұрғындар арасында арнайы сауалнама ұйымдастырылып, ауыл халқының 87 пайызы «Алкогольсіз ауыл» бастамасын қолдаған.

Қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Атап айтқанда, 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша масаң күйде жасалған қылмыстар саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 55 пайызға төмендеп, 9 деректен 4 жағдайға дейін азайған.

Аталған бастама – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %