Қазақстанда 2024 жылдан бастап Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы тұрақты нәтижелер көрсетуде. Жоба аясында Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалардың арнайы жинақ шоттарына аударылып, олар 18 жасқа толғанға дейін жинақталады. Кейін бұл қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға пайдалануға болады.

Бағдарлама іске қосылған алғашқы жылы оған 6,91 миллион бала қатысып, әрбірінің шотына 100,52 АҚШ доллары көлемінде қаражат түсті. 2025 жылы қатысушылар саны 6,92 миллионға жетіп, төлем мөлшері 129,38 долларға дейін өсті. Ал 2026 жылғы қорытынды бойынша 6,91 миллион балаға 130,71 доллардан есептелді.

Үш жыл ішінде бағдарламаға үздіксіз қатысып келе жатқан балалардың жинақ көлемі инвестициялық кірісті қоса алғанда 370,56 долларға жеткен.

Осы уақыт аралығында бастама аясында жалпы сомасы 2,3 миллиард доллар бөлінді. Оның ішінде кәмелетке толған жастардың шоттарына 238,5 миллион доллардан астам қаражат аударылған.

Бүгінде бағдарлама бойынша 297 мыңнан астам өтінім мақұлданған. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға арналған 187 мыңнан астам өтінім бойынша 33 миллион доллардан астам қаржы пайдаланылса, білім алуға бағытталған 110 мыңнан астам өтінімге 19 миллион доллардан астам қаражат жұмсалған.

Коллаж: azattyq-ruhy.kz

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *