2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысушылар саны 139 мыңға жуықтады. Тестілеу нәтижелері бойынша талапкерлердің басым бөлігі емтиханды қазақ тілінде тапсырған.

Атап айтқанда, қатысушылардың 71%-ы қазақ тілін таңдаса, 29%-ы тестілеуді орыс тілінде тапсырған. Сонымен қатар, 259 талапкер ағылшын тілінде білімін сынады.

Үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 67%-ы шекті балл деңгейінен өтті. Қалған білім алушылар сынақтан сүрінді. Ал бес пән бойынша орташа нәтиже 65 балды құрады.

Тестілеудегі ең жоғары көрсеткіш – 140 балл. Бұл нәтижеге талапкер Әсет Альтаир қол жеткізді.

Сондай-ақ негізгі ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар 392 талапкер қатысып, өз білімдерін бағалау мүмкіндігіне ие болды.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *