Алматы қаласының Наурызбай ауданындағы «Ұлытау» тұрғын үй кешенінің ауласында болған оқиға әлеуметтік желіде кеңінен талқыланды. Куәгерлердің айтуынша, ауланың көлікке толып кетуінен жедел жәрдем көлігі дер кезінде өте алмай, жүкті әйелдің далада босануға мәжбүр болғаны туралы ақпарат тараған.

Алайда бұл жағдайға қатысты денсаулық сақтау саласының өкілдері ресми түсініктеме берді.

 Ресми ақпарат:

Шақырту таңғы 06:21-де түсіп, жедел жәрдем бригадасы 10 минутта (сағат 06:31-де) жеткен.  Дәрігерлер келгенде әйелдің толғағы қатты болып жатқан. Стремительді (тез) босану процесіне байланысты салмағы 3 370 грамм қыз бала жедел жәрдем көлігінің ішінде аман-есен дүниеге келді.

Медицина мамандары алғашқы көмекті көрсетіп, ана мен баланы бірден Қалалық перинаталдық орталыққа жеткізді. Қазір екеуінің де жағдайы тұрақты.

Оқиға желіде қызу талқыланғанымен, ресми мәліметке сәйкес, ана мен нәрестеге қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетіліп, олардың өміріне қауіп төнбеген.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *