Чехия астанасы Прагада өткен European Open 2026 халықаралық дзюдо турнирінде қазақстандық спортшылар жоғары нәтиже көрсетіп, ел қоржынына жүлделер салды.

Аталған жарыста ең жоғары нәтижені 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Шерзод Давлатов тіркеді. Ол финалдық белдесуде француз балуаны Ян Мотоли Бонгамбені мерзімінен бұрын, айқын басымдықпен жеңіп, алтын медаль иеленді.

Сол салмақта тағы бір қазақстандық дзюдошы Нұрәділ Әлжан да жүлдегерлер қатарынан көрінді. Ол қола медаль үшін өткен кездесуде отандасы Сұңғат Нұрлатұлымен болған ішкі бәсекеде жеңіске жетіп, үшінші орынға ие болды.

78 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған Карина Такиева жарысты төртінші орынмен аяқтады. Спортшы кіші финалға дейін жеткенімен, қола жүлде үшін өткен белдесуде португалиялық Рошели Нунеске есе жіберді.

Жалпы алғанда, қазақстандық дзюдошылардың Прага татамиіндегі өнері сәтті болып, халықаралық аренада ел беделін арттыра түсті.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *