Бүгін Қазақстанда Дипломатиялық қызмет күні аталып өтеді, — деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты. 

Қазақстанда 2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні. Бұл кәсіби мереке 2009 жылы ресми түрде бекітілген.

Қазіргі таңда Қазақстан әлемнің 190-ға жуық мемлекетімен дипломатиялық байланыс орнатқан. Еліміздің халықаралық аренадағы ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған шетелдегі 122 мекемесі жұмыс істейді.

Олардың қатарында 75 елшілік, халықаралық ұйымдар жанындағы 7 тұрақты өкілдік және 40 консулдық мекеме бар. Қазақстан дипломаттары елдің сыртқы саясатын жүзеге асырып, халықаралық серіктестікті дамытуға және ұлттық мүддені қорғауға үлес қосып келеді.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *