Қазақстанда докторантураға түсуге ниетті талапкерлерден құжат қабылдау науқаны басталды. Үміткерлер өтініш беру барысында бір ғана жоғары оқу орнын және бір білім беру бағдарламалары тобын таңдай алады.

Қабылдау комиссиясының мәліметінше, талапкерлер 3 тамызға дейін жеке кабинеті арқылы өтінішке өзгеріс енгізіп, тестілеу қаласын, білім беру бағдарламалары тобын немесе емтихан тапсыру тілін ауыстыра алады. Сондай-ақ осы мерзімге дейін өтінішті кері қайтарып, жою мүмкіндігі де қарастырылған.

Докторантураға түсу емтиханы өтетін орын мен уақыт туралы ақпарат 9 тамызда талапкерлердің жеке кабинеттерінде жарияланады.

Қабылдау емтиханы үш кезеңнен тұрады. Оның ішінде әңгімелесу – 30 балл, эссе – 20 балл және бейіндік тест – 50 баллмен бағаланады. Жалпы ең жоғары нәтиже – 100 балл. Мемлекеттік білім беру грантына да, ақылы бөлімге де түсу үшін талапкер кемінде 75 балл жинауы тиіс.

Докторантураға құжат тапсырушылар ҚАЗТЕСТ сертификатын және шет тілін кемінде В1 деңгейінде меңгергенін растайтын халықаралық немесе ұлттық сертификатты ұсынуы қажет. Алайда бұл талап кейбір педагогикалық мамандықтарға қолданылмайды.

Биылдан бастап құжаттар тізіміне ғылыми жоба (Research Proposal), зерттеу жоспары, ғылыми жарияланымдар тізімі және эссе енгізілді.

Сонымен қатар талапкерлер бейіні бойынша докторантура бағдарламаларына (PhD, DBA) да қатыса алады. Бұл бағыттағы емтиханда эссе жазылмайды. Ең жоғары балл – 80, ал оқуға түсу үшін ең төменгі шекті көрсеткіш – 50 балл.

Фото: Ашық дереккөз

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *