Қызылордадағы Арал қаласының Балықшылар аллеясында Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – ұлттың асыл мұрасы» атты мерекелік кеш өтті.

Ұлттық өнердің алтын қазығы саналатын қасиетті қара домбыраны ұлықтау, күй өнері мен халықтық музыкалық мұраны насихаттау, ұлттық құндылықтарға деген құрметті арттыру мақсатында өткен шараға аудан әкімінің орынбасары Н.Бохаев және бірқатар зиялы қауым өкілдерімен қатар қала тұрғындары қатысты.

Іс-шара барысында осы жылдың 1 шілдеден бастап күшіне енген жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіруге арналған бірқатар шаралар жұртшылық назарына ұсынылды. Мерекелік кеште «Әділетті Қазақстан», «Заң мен тәртіп», «Адал азамат» және «Таза Қазақстан» бағыттары бойынша Конституцияда айқындалған азаматтық жауапкершілік, заң үстемдігі, адал еңбек пен қоршаған ортаны қорғау құндылықтары кеңінен насихатталды.

Мерекелік кеш барысында ұлттық өнердің мәйегі саналатын күй, жыр, терме және халық әндері аудан өнерпаздары тарапынан кеңінен насихатталып, көрермендерге ерекше рухани әсер сыйлады.

Ұлттық домбыра күні – халқымыздың төл өнеріне тағзым етіп, ұлттың рухани мұрасын ұлықтайтын тағылымды мереке. Қасиетті қара домбыраның күмбірі әрдайым халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық өнеріміздің мәңгілік символы болып қала бермек.

Фото: аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *