Грант иегерлерінің тізімі шықты
2026–2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру гранттарын бөлу конкурсының нәтижелері жарияланды,- деп хабарлайды Fastnews.kz ақпараттық сайты.
Грант жеңімпаздарының толық тізімімен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпараттық платформалары мен Ұлттық тестілеу орталығының ресурстарында танысуға болады.
Биыл мемлекеттік білім беру гранттарына үміткерлерден 127 мыңнан астам өтінім қабылданған. Ең көп сұранысқа ие бағыттардың қатарында педагогикалық ғылымдар, инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бар.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, талапкерлердің басым бөлігі дәл осы мамандықтарды таңдаған. Сонымен қатар аударма ісі, халықаралық қатынастар (дипломатия), құқық, психология және педагогика бағыттарында бір гранттық орынға талас жоғары болған.
Тізімді төмендегі «Тізім» сөзім басып көре аласыздар

Фото: Ашық дереккөз












