Қызылорда қаласында «Әділет» партиясының өңірлік және қалалық сайлауалды штабтарының мүшелері Гүлшат Мұсаева, Сәкен Серікбаев, Уалихан Ибраев, Нұрай Бекетова және Мөлдір Бекетова коммуналдық сала қызметкерлерімен кездесті.

«Батырхан Шөкенов» атындағы саябақта өткен кездесуде инженерлік желілерді жаңғырту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту және сала мамандарының еңбек жағдайы мен әлеуметтік қорғалуына қатысты мәселелер талқыланды.

Қалалық штаб төрағасының орынбасары Гүлшат Мұсаева коммуналдық инфрақұрылымның қаланың тұрақты жұмыс істеуіндегі маңызына тоқталды.

«Қаланың тазалығы, жылу, су және жарық жүйелерінің тұрақты жұмыс істеуі коммуналдық сала мамандарының еңбегіне тікелей байланысты. Кездесуде инженерлік желілердің жағдайы, оларды жаңғырту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту мәселелері талқыланды. Бұл бағыттағы ұсыныстар тұрғындардың өмір сапасына тікелей әсер етеді», – деді Гүлшат Мұсаева.

Кездесу барысында коммуналдық сала қызметкерлері күнделікті жұмыста кездесетін мәселелерді көтеріп, өз ұсыныстары мен сауалдарын ортаға салды. Сәкен Серікбаев еңбек қатынастары мен жұмысшылардың құқықтарын қорғауға қатысты мәселелерге тоқталды.

«Коммуналдық және құрылыс салаларында еңбек қауіпсіздігін сақтау, жалақының уақытылы төленуі және әлеуметтік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі маңызды. Қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсартуға қатысты ұсыныстар да кездесу барысында талқыланды», – деді Сәкен Серікбаев.

Өз кезегінде Уәлихан Ибраев коммуналдық қызметтердің қала тұрғындарының күнделікті өміріндегі маңызын атап өтіп, сала мамандары көтерген мәселелердің өзектілігіне тоқталды.

Жиын соңында қатысушылар пікір алмасып, коммуналдық инфрақұрылым, еңбек жағдайы және саладағы өзекті мәселелер бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *