«Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар кезекті үгіт насихат жұмыстары барысында «Жетісу» волейбол клубының өкілдерімен жүздесті. Партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы туралы сөз болған жиынға Жайық Тазабекұлы, Анель Капекова және Рүстем Досжановтар қатысты.

Жиында алғаш болып Жайық Тазабекұлы сөз тізгіндеді. Оның айтуынша, саяси ұйым өкілдері партияның ортақ басымдықтарын облыс тұрғындарының қажеттіліктерімен ұштастыруды көздейді.

– 2031 жылға қарай Жетісуда экономикалық өсім лайықты жұмыс орындарын құрамыз. Әрбір өңір тұрғынының табысын арттырып, сапалы әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етеміз, инфрақұрылымды жаңғыртамыз. Облыстың әрбір қаласында, аудан орталығында, ауылдық елді мекенінде өмір сүруге қолайлы орта қалыптастырамыз, — деді Жайық Тазабекұлы.

Ал, Анель Капекованың сөзіне сенсек, тұрғылықты жеріне қарамастан, әрбір тұрғын сапалы әлеуметтік қызметтер алуға, заманауи инфрақұрылымды пайдалануға, кәсіби әлеуетін іске асыруға және туған өлкесінің дамуына қатысуға мүмкіндік алуы керек.

– Республика бойынша бір адамға шаққанда тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге жеткізу көзделсе, Жетісу облысында бұл көрсеткіш 22,2 шаршы метрге жетеді. Сонымен қатар, тұрғындардың инфрақұрылымға қол жетімділігін арттырамыз. Осы мақсатта электр желілерінің тозуын 78,5%-дан 71,7%-ға, жылу желілерінің тозуын 45%-дан 40%-ға дейін төмендетеміз. Алдағы 5 жылда 21,5 км электр желісін, 20,0 км жылумен жабдықтау желісін және 197,8 км сумен жабдықтау желісін реконструкциялаудан өткізуге қол жеткіземіз, — деді спикер.

Жиында мінберге көтерілген Рүстем Досжанов денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамыту мәселелеріне назар аударды. Сонымен қатар, әрбір бастаманы жүзеге асыруда халықтың ұсыныс-пікірлері мен нақты қажеттіліктерін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында спортшылар партияның сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарға ризашылығын білдірді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Орындаған: ИП «PUBLIC MEDIA»
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *