«Әділет» партиясы реформаторлық центризм бағытын ұстанады. Қоғамдық мәселелерді шешуде парасатты пайымға, кәсібилік пен жауапкершілікке сүйенеді. Дәл осындай тұщымды ойды «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Қайрат Кереев, Диас Инкибаев және Жеңіс Жолдыбаев кезекті кездесуде сөз етті. Бұл жолы кандидаттар үстел теннисі өкілдерімен жүздесті.

Партияның сайлауалды бағдарламасы жан-жақты таразыланған жиында Қайрат Кереев алғысөз сөйлеп, саяси ұйымның 2031 жылға дейін өңірде атқаратын жұмыстарын таразылады. Айтуынша, облыста тұрғындардың қолайлы өмір сүруі үшін бар жағдай жасалмақ.

– Партияның республикалық сайлауалды бағдарламасындағы басты басымдықтар – халықты жайлы тұрғын үймен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірді жаңа экономиканың талаптары мен болашақ мамандықтарына дайындау,- деді спикер.

Мұнан соң сөз алған Диас Инкибаев ауыл шаруашылығын ілгерілендіру турасындағы партия бастамаларын баян етті.

– Өңір ауыл шаруашылығы өндірісін ұлғайтуға, өнімді қайта өңдеу көлемін кеңейтуге, суды үнемдейтін заманауи технологияларды енгізуге және ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға елеулі әлеуетке ие. Біз агроөнеркәсіптік кешен саласында 9 инвестициялық жобаны іске қосамыз. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының 648 кәсіпкерлік жобасын іске асырамыз, — деді спикер.

Жиын соңында спорт өкілдері партия басымдықтарына разылығын жеткізіп, алдағы саяси науқанда «Әділет» партиясын қолдайтынын жеткізді.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Орындаған: «PUBLIC MEDIA» ЖК
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *