«Әділет» партиясы Жетісу өңірінде 2031 жылға дейін 22 мың жаңа жұмыс орнын құрмақ. Инвестициялық жобаларды іске асыру, кәсіпкерлікті дамыту және жұмыс істеп тұрған өндірістерді кеңейту жаңа жұмыс орындарының негізгі көзі болады. Партияның осындай ауқымды бастамасы «Агрокомплекс Жетысу Мажико» серіктестігінің қызметкерлерімен кездесуде сөз болды. Еңбек адамдарымен «Әділет» партиясынан Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Арыстанғали Арын, Сәуле Құсмолданова және Диас Инкибаев кездесіп, еркін пікір алмасқан жиын өткізді.

Кездесуде спикерлер Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауына тоқталып, ел дамуындағы стратегиялық бастамаларды таразылады. Мұнан соң, бөлек «Әділет» партиясының 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасына тоқталды.

– Жолдауда алдымызға тарихи міндет қойылып отыр. Ол – бүкіл экономикалық капиталды инфрақұрылымды түбегейлі жаңартуға, әлеуметтік саланы сапалы дамытуға және қазақстандықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге жұмылдыру. Игі бастаманың өзегінде адам мен оның құқығы, қадір-қасиеті және ертеңгі күнге деген сенімі тұр, — деді Арыстанғали Арын.

Мұнан соң мінберге көтерілген Сәуле Құсмолданова партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын кеңінен түсіндірді.

– «Әділет» партиясы реформаторлық центризм бағытын ұстанады. Қоғамдық мәселелерді шешуде парасатты пайымға, кәсібилік пен жауапкершілікке сүйенеді. Партия қызметі бес негізгі құндылыққа негізделеді. Олар – әділеттілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық, жауапкершілік, прогресс. Өңірлерді дамыту мен азаматтардың мүддесін қорғауға қатысты мәселелерді шешуде осы құндылықтарды басшылыққа аламыз, — деді спикер.

Ал, Диас Инкибаев Агроөнеркәсіптік кешен – облыс экономикасының негізгі қозғаушы күштерінің бірі. Оны дамыту арқылы «Әділет» партиясы ауылдың әлеуетін арттырады.

Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Орындаған:  «PUBLIC MEDIA» ЖК
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *