Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті жаңадан құрылды
Таразда Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті жаңадан құрылды. Қазіргі уақытта университет Бас лицензия алып, Финляндия университетімен және Ташкент ауылшаруашылығын ирригациясы мен мелиорациясы университетімен тығыз байланыс орнатты. Бұл туралы ОКҚ баспасөз конференциясында ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Гүлжан Жарасова баяндады. Ол «Бүгінгі таңда су саласы үшін кадрлар даярлау еліміздің 9 жоғары оқу орнында жүргізілуде. Су саласына алғаш рет 2024 жылы «Су қауіпсіздігі»; «Сумен жабдықтау және су бұру»; «Гидротехникалық құрылыс» секілді мамандықтар «Болашақ» халықаралық стипендиясын беру үшін басым мамандықтардың тізбесіне енгізілді», — деді.