Жол жабық!
2025 жылғы 21 ақпан сағат 20:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:
📍Ақтөбе облысы: — «Ақтөбе — Қандыағаш — Доссор — Атырау — РФ шекарасы» автожолының 14-255 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қарауылкелді ауылы); — «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғасы — ҚХР шекарасы» автожолының 776-1240 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы — Қызылорда облысының шекарасы); Ертең сағат 06:00-де жолды ашу жоспарланған. — «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 526-702 шақырым аралығы (БҚО шекарасы — Маржанбұлақ ауылы). Ертең сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
📍Қызылорда облысы: — «РФ шекарасы — Мәртөк — Ақтөбе — Қарабұтақ — Қызылорда — Шымкент — Тараз — Қордай — Алматы — Қорғасы — ҚХР шекарасы» автожолының 1240-1362 шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы — Арал қаласы). Ертең сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
📍Батыс Қазақстан облысы: — «Ақтөбе — Орал — РФ шекарасы» автожолының 394-526 шақырым аралығы (Жымпиты ауылы — Ақтөбе облысының шекарасы). Ертең сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.
📍Маңғыстау облысы: — «Жетібай — Жаңаөзен — ТР шекарасы» автожолының 0-58 шақырым аралығы (Жетібай ауылы — Жаңаөзен қаласы); — «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сайөтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау» автожолының 332-786 шақырым аралығы (Бейнеу ауылы — Ақтау қаласы). Ертең сағат 10:00-де жолды ашу жоспарланған.
/Сурет ашық дереккөзден алынды