Еленбей тасада қалған таланттарды таппай қоймайтын «ауруым» бар. Сол «ауруымның» арқасында СЫРТЫМА ШЫҒАРМАЙ ІШІМНЕН ЖО-ны сыпыртып боқтап алатыным тағы бар))) неге іздеу салмайды екен деген ойым ғой. Әйтпесе ЖО-ның жұмысына араласып жын қақты дейсің бе?))
(Мүмкін ЖО-ның жұмысына аудан-ауылдардағы таланаттарды іздеу жатпайтында шығар. Сүт бетіне шыққандарын болмаса)))
Бүгін таң атқаннан Мереке Қабиевті іздейін келіп… Ертеректе «Мұнайлы Астана» газетіне Мереке аға туралы (О кезде тірі болатын) жазғанмын. Мереке ағаның «Сақман» деген атақты өлеңі бар. (М. Қабиев, Атырау облысы, Исатай ауданының тумасы) Ағаның өлеңін исатайлықтар жатқа білуі мүмкін.
Арман аға Сқаблға қоңырауға шалғанмын, о кісі «Майра апаң Ғұмарова немесе ағаң Ж. Құлиевке хабарлас, бір білсе, сол біледі» деп әңгіме басын қылтитып қойды. Төбелескіш екенін айтты. Содан не керек, Майра апам жауап бермегесін, Жұмабай аға Құлиевке қоңырау шалып, мән-жайды түсіндірдім. Мереке ағаның суретін, оның жазған өлеңдерін сұрағанмын. Қызықты мәліметтерге қанық болдым) енді, Жұмабай аға сөйлесін!
«Мереке Табылды Досымовпен төбелесетінде жүретін. Өзі кішкентай, көзі бақырайған. Үлкен аңға шабуыл жасайтын мысық сияқты. Шымыр, шатақ. Өз дегені болмаса болмайтын жігіт. Есімде қалғаны бір күні Табылды екеуі төбелесіп қалып, Табыл Мерекені алқымынан алған ғой, алысып жүргенде Мерекенің азуына Табылдың бармағы іліккен. Сөйтіп тістеп алған. Алматыны басына көтеріп анау безек қақты. Олар туралы қызық көп өзі. Тағы бірде Табылды бар, басқа да жігіттер бар. Қыздарға қырындап жүрген түріміз ғой, отырыс ұйымдастырдық. Содан не керек, сол отырысқа аяқасты Мерекенің келіп қалмасы бар ма? Тым-тәуір отырыстың быт-шыты шықты. Тағы да сол Табылды екеуінің төбелесі. Ол өзі сондай шаһар жігіт. Тағы бірде менің тобығым тайып кетіп, жатақханада өз-өзіммен алысып жатқанымда, Мереке келе қалды. Қайдан тап болғанын білмеймін. Ол «Менің атам аруақты болған. Емші болған. Сені өзім емдеп алайын» деді. Мен «Қойшы-ей, өзіңмен өзің бол» дегенімше болған жоқ, аяғыма жабысты да жанымды көзіме көрсетті. Аяқтан қайырып, мені де шырылдатып кетті».
Пысы: Көптен күлген жоқ едім, шек-сілем қатып, дәлізде домаладым)))
Мереке Қабиев ақын. Ол Атырау облысының тумасы. Табылдылардан бір курс төмен оқыған. Мереке аға туралы інісі, айтыскер ақын Шынарбек Қабиевке хабарласқанмын. Суреттерін, өлеңдерін тауып беретін болды. Қолыма тиген бойда ағаның өлеңдерін жариялаймын.

суретте оң жақтан: Тұрсынбек,Нұржан,Табыл,Әбубәкір Қайран, Жұмабай, Қалдархан, Мереке

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *