Қарағандыда екі баласын сатып жіберген әйел ұсталды деп хабарлайды fastnews.kz POLITICO саяси-әлеуметтік порталына сілтеме жасап.

Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған сотында бала саудасына қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Алдын ала мәлімет бойынша, 2022-2024 жылдар аралығында ауыл тұрғыны екі баланы дүниеге әкеліп, оларды перзентхана қызметкерінің көмегімен әрқайсысын 3 миллион теңгеден сатқан.

Ол баладан туыла салып бас тартқан. Кейін перзентхана қызметкері Астанада тұратын алматылық, баласыз ерлі-зайыптылармен байланысып, нәрестені 3 миллион теңгеге сату мәмілесін ұйымдастырған. Екі жылдан кейін дәл осындай жағдай қайталанып, әйел тағы бір сәбиін дүниеге әкеліп, оны да 3 миллион теңгеге сатқан.

Полиция қылмыстық кодекстің 135-бабы «Кәмелетке толмағандарды саудалау» бойынша қылмыстық іс қозғады.

сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *