Үлкендікке жылжып жәймен бір табан,
Бір шығыппын қырық атты қырқадан.
«Бір қалыпты, деп, өмірім, жұрт аман»,
Жыр қалыпты, жиырмада шырқаған.
Егдемін бе, түсіне алмай жаспын ба,
Бөгде құмда жортқан ұқсап қасқырға.
Езу кермей, үнсіз ұлып ішімнен,
Отырамын толған айдың астында, -деп жырлайды оралдық ақын Рауан Таңатжанұлы.
Оның жазған өлеңін оқыған сайын ақынды ұға бастайсың. Айтқысы келгенімен келіспесіңе амал жоқ. Сосын келіп сүйек-ойды кеміресің. Сөйтесіңде Сағатты (С. Әбдуғалиев. Ерте өлген ақын. А. Қ.) сенделтіп қойған қоғам қара баланы қайдан аясын дейсің? Дейсің де оның айналасына көз жүгіртесің. Көсемсіп жүрген «Көкелерін» кіналағың келеді. Бірақ… «Бас басына би болған өңкей қиқым» ақынды, ақынның жазғанын қайтсін?
«Өлшеулі өмір беріледі пендеге,
Осыны ойлап күйзелемін мен неге?
Жұмыр басым мұңды жырға кенде ме?!
Ғұмыр тасы демек өрге дөңгеле…» дейді ақын. Біздің ЖАЙЫҚТА РАУАНДАП ТАҢ АТЫП КЕЛЕДІ. Шашар шуағы көп болғай!!!
Жалпы талантты тірісінде қадірлегенге жететіні жоқ. Ақын жайлы ОРАЛ (ОЛАР) ОЙЛАНУ керек!!!
Асантемір Қаршығаұлы, ақын