Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтады. Тілдесу барысында бауырлас түрік халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметінде толағай табысқа жете беруіне тілектестік білдірді.

Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік кеңейтілген стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтіп, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі нығайту перспективасын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Рамазан айының қарсаңында екі елдің бауырлас халықтарына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

/сурет Ақордадан алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *