Мереке күндері қосымша пойыздар қызмет көрсетеді
Наурыз мерекесі кезінде жолаушылар тасымалына жоғары сұранысты қанағаттандыру мақсатында ұлттық тасымалдаушы қосымша пойыздарды іске қосып, тіркемелі вагондар санын арттырады.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай жолаушылар пойыздарына 265 қосымша вагон тіркеледі. Бұл бағыттардың ішінде сұранысы жоғары бағыттар ерекше назарға алынады. Нәтижесінде шамамен 12 мың қосымша орын қамтамасыз етіледі.
Наурыз мейрамы кезінде жолаушылар ағынының артуына байланысты 7 рейске қосымша 3 пойыз тағайындалады:
- №201/202 «Астана (Нұрлы жол) – Алматы-1» – 2 рейс (15 вагон, 675 орын)
- №203/204 «Астана-1 – Шымкент» – 2 рейс (15 вагон, 675 орын)
- №257/258 «Ақтөбе – Астана (Нұрлы жол)» – 3 рейс (15 вагон, 675 орын)
Сонымен қатар, сұранысы жоғары бағыттар бойынша 432 қосымша вагон тіркеледі, бұл шамамен 20 мың қосымша орын ұсынуға мүмкіндік береді.
- Солтүстік бағыт – 145 вагон, 7 мың орын (Павлодар – Түркістан, Нұрлы жол – Петропавл, Нұрлы жол – Алматы, Нұрлы жол – Шымкент, Маңғыстау – Семей және т.б.).
- Батыс бағыт – 167 вагон, 8 мың орын (Қызылорда – Семей, Ақтөбе – Алматы-1, Атырау – Шымкент, Ақтөбе – Шалқар, Ақтөбе – Атырау, Орал – Маңғыстау және т.б.).
- Оңтүстік бағыт – 120 вагон, 5 мыңнан астам орын (Алматы-2 – Сарыағаш, Алматы – Жезқазған, Алматы – Новосибирск, Алматы-2 – Маңғыстау, Қызылорда – Семей және т.б.).
Айта кетейік, Қазақстанда 20 бағыт бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын 11 жеке тасымалдаушы бар. Олар мерекелік күндері өз қызметін қалыпты режимде жалғастырады.
/сурет ашық дереккөзден алынды