«AMANAT» партиясының «Таза бейсенбі» акциясы көптеген белсенді партияластардың басын біріктірді. Бүгінде Қызылорда қаласының мәдени-көпшілік демалыс орындарында, шетаймақтағы көшелерінде аталмыш акцияны қолдау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылуда.

Бұл бастама қоғамда тазалық мәдениетін қалыптасып ғана қоймай, шаһар тұрғындарын жалпыұлттық акцияға өз үлесін қосуға шақырады.

Осындай тазалық жұмыстарының бірі – Қызылорда қаласындағы «Келменбет батыр» атындағы саябақта ұйымдастырылды. 30-дан аса партияластардың басын біріктірген акция аясында бірнеше сағаттың ішінде 2 тоннадан астам қосқыстар шығарылды. Қызылорда қаласының коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің көмегімен қоқыстардың барлығы жүк көліктеріне тиеліп, қоқыс алаңына жөнелтілді.

Партия белсендісі Алдабергенов Абунасыр «Таза бейсенбі» тазалық акциясының қоғам үшін маңызды екенін атап өтті.

— Қалада көптеген көрікті жерлер бар. Біздің мақсатымыз сол орындарды барынша тазалықта ұстау. Акция мақсаты тек тазалық ғана емес, тұрғындардың көмегімен таза қоғам, таза қала, таза аула құруға бағытталған. Бұл жұмыстары әлі де жалғасатын болады. Бұған дейін қаламыздағы «Б.Шөкенов» саябағы, «Тағзым алаңы», «Қуғын-сүргін құрбандарын ескер алу» ескерткіштерінің маңайы тазалынды,-деді.

Жалпы, партия белсенділерінің қолдауымен тазалық жұмыстары жылдың төрт мезгілінде де тиісті деңгейде ұйымдастырылып, игілікті жұмыс жасалды. Сондықтан, қоршаған ортаны таза ұстау үшін барша қала тұрғындарын әр бейсенбі сайын бізбен бірге акцияға қатысуға шақырамыз!
#AMANAT

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *