Жаһан сілкініп жатыр
Бүгін әлемнің бірнеше елінде жер сілкінді. Айтайық, алдымен Таиланд пен Мьянмада жойқын жер сілкінісі тіркелді.
Мьянмадағы табиғи апаттың қуаты 7,7 баллға жетті. Бірінші дүмпуден кейін араға 12 минут салып зілзала тағы қайталанды. Оның күші — 6,4 балл. Жер сілкінісінің қатты болғаны соншалық — Таиландқа дейін жеткен.
Зілзаладан Бангкоктағы бірнеше зәулім ғимараттарға зиян келді. Тіпті бір нысан жермен-жексен болған. Құрылысы бітпеген ғимарат қабырғалары көшедегі жүргіншілердің үстіне құлаған.
Жүздеген адам үйлерін тастап қауіпсіз жерге қашуға мәжбүр болды. Зардап шеккендер мен опат болғандар туралы әзірге нақты ақпарат жоқ.
Қырғызстанда да үш мәрте жер сілкінді. Апат Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында тіркелді. Бұл жайлы Қырғызстан ТЖМ хабарлады
Магнитудасы — 5,3 балл. Эпицентрі Бішкектен 125 км, Талас облысындағы Копуро-Базар ауылынан 18 км қашықтықта орналасқан.
Жер сілкінісі Қазақстанның оңтүстік өңірінде де сезілді. Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 шақырым жерде орналасқан.
Жамбыл облысындағы сезімталдығы туралы мәліметтер:
📍Мерке ауылы 5.0 б.
📍Кұлан ауылы 4.4 б.
📍Шу қаласы 2.6 б.
📍Толе Би ауылы 2.5 б.
📍Сарыкемер ауылы 2.5 б.
📍Тараз қаласы 2.4 б.
📍Қордай ауылы 2.4 б.
📍Аса ауылы 2.2 б.
📍Мойынкұм ауылы 2.0 б.,- делінді хабарламада.