Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, әдебиетші, кинодраматург Айгүл Кемелбаеваның шығармашылығына арналған «Қазіргі заманның прозасы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға еліміздің белгілі әдебиеттанушылары, ақын-жазушылары, сыншылар мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеш барысында алаштанушы Тұрсын Жұртбай «Айгүлдің әр шығармасы бүгінгі ұрпақтың айнасы. Сол айнадан оқырман өзін көре алады» деді.

Жиында ҚР Мәдениет және ақпарат министрі А.Балаеваның құттықтау хаты табыс етілді.

«Айгүл Кемелбаева – қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Оның шығармалары ұлттық мәдениетіміз бен рухани мұрамыздың маңызды бір бөлігіне айналды. Әдебиетіміздің өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіремін, шығармашылық табыс тілеймін!»,-делінген құттықтау хатта.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *