Қызылордада көпбейінді аурухана құрылысына мониторинг жүргізілді
«AMANAT» партиясының Партиялық бақылау комиссиясының Қызылорда облыстық, қалалық филиалдарының мүшелері облыстық филиал төрағасы А.Есмахановтың қатысуымен Сайлауалды бағдарлама Жол картасы аясында Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсек орынға арналған көпбейінді аурухана құрылысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг жұмыстары барысында мердігер мен тапсырыс беруші және жұмыс сапасын бақылаушы ұйымдарға құрылыс сапасы мен оның мерзімінде аяқталуы «AMANAT» партиясы мен аймақ басшысының тікелей бақылауында екені айтылып, нысаның сапалы болуына барлығы жоғары жауапкершілікпен қарау керектігі жеткізілді.
Зерделеу жұмыстарына Партиялық бақылау комиссиясы мүшелерінен бөлек облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы мен облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармалары өкілдері және аталған нысанға жауапты мамандар мен техникалық сарапшылар тобы қатысты.