Қызылорда қаласына қарасты Қызылөзек ауылдық округіндегі “Адал Адам” мәдени-тәрбие орталығында ауыл тұрғындарына арналған кезекті танымдық кездесу өтті. Қызылорда қалалық Қоғамдық даму бөлімінің бастамасымен өткен бұл шараның мақсаты – тұрғындардың қаржылық сауаттылығын арттыру, қоғамда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Кездесуге “AMANAT” партиясы Қызылорда қалалық филиалының Атқарушы хатшысы, облыстық мәслихат депутаты Гүлшат Мұсаева және Қалалық Қоғамдық Даму Бөлімінің теолог маманы Ғалымжан Ғанибекұлы қатысып, мазмұнды ойларымен бөлісті.

Өз сөзінде Гүлшат Исақызы азаматтардың қаржылық мәдениетін көтеру – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның дамуына серпін беретінін айтты. Ол “Қарызсыз қоғам” жобасының артықшылықтарын атап өтіп, қаржыны сауатты басқарудың маңызын жеткізді.
Ғалымжан Орманбай қазіргі заманда діни және ақпараттық сауаттылықтың ерекше мәнге ие екенін тілге тиек етті. Ол жалған мәліметтерден аулақ болып, сенімді ақпарат көздеріне жүгіну қажеттігін еске салды.
Кездесу соңында тұрғындар мамандарға өз сауалдарын қойып, нақты бағыт-бағдар алды. Алдағы уақытта осындай игі шаралар тұрақты түрде жалғасатын болады.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *