Үкімет қаулысымен 23 сәуір елімізде «Ұлттық кітап» күні болып бекітілген болатын. Мереке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында берген тапсырмасына сәйкес енгізілді, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты

Осыған орай Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Ұлттық кітап күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шараға ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, танымал ақын-жазушылар, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері, ҚР Парламентінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, баспасөз саласының өкілдері, облыстық кітапханалардың басшылары және шығармашылық зиялы қауым қатысты.

Іс-шара барысында сирек кітаптар мен қолжазбалар, Жеңістің 80 жылдығына арналған әдебиеттер, сондай-ақ 2024 жылы мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген 200-ге жуық кітап пен суреттердің көрмесі ұсынылды.

Айта кетейік, Ұлттық кітап күніне орай 16-23 сәуір аралығында республика бойынша 300-ден астам тақырыптық іс-шара ұйымдастырылды. Сонымен қатар әлеуметтік желілерде кітап оқу мәдениетін насихаттауға бағытталған челлендж өтті. Оған алғашқылардың бірі болып ақын-жазушылар мен мәдениет қайраткерлері қатысып, көпшілікті кітап оқуға шақырды.

Байқау жеңімпаздарының тізімін министрліктің сайтынан көре аласыздар.

 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *