Елде 4 303 қонақ үй бар. Былтыр олардың қатары 311 нысанға көбейген. Олар бір сәтте 226 мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Былтыр қазақстандық қонақ үйлер, демалыс базалары, хостелдер мен орналастыру орындары былтыр жалпы сомасы 299,8 млрд теңгеге табыс тапқан.

Туризм индустриясы комитетінің мәліметінше, бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда 31%-ға артық. Бір жыл бұрын қызмет көлемі 229 млрд теңге болған еді.

Ал қонақтардың қай қалада қыдырып, саяхаттағанын осы қызмет көрсету көлеміне қарап байқауға болады.

Қызмет көлемі бойынша алдыңғы қатардағы өңірлер:

Алматы қаласы – 96,3 млрд теңге

Астана қаласы – 65,7 млрд теңге

Ақмола облысы – 27,7 млрд теңге

Маңғыстау облысы – 18,5 млрд теңге

Шымкент қаласы – 11,3 млрд теңге

/сурет ашық дереккөзден алынды. 

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *