“Қызылорда-Жезқазған” автожолын қайта жаңғырту жұмыстары жоспарға сай жүріп жатыр, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ — ақпараттық сайты.

Бүгінде республикалық маңызы бар күре жолдың №2-6 лоттар аралығында асфальт жабындысы төселуде.

Тапсырыс беруші «ҚазАвтоЖол» ҰК» ҚОФ директор орынбасары Ерсайын Мұзафар және «DOHWA Engineering Co.LTD (Корея) және «М50 Consalting Group»ЖШС мен мердігер ұйымдар өкілдерімен бірлесіп, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» Қызылорда облыстық филиалы директоры Мұханов Мақсат Асхатұлы және бөлім басшылары жол құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.

Ел асыға күтіп отырған маңызды жобаның құрылысы Қызылорда облысы аумағында биыл аяқталуы тиіс. Қазір мердігерлер жұмыс күшін ұлғайтып, қызу тірлік жүріп жатыр. Филиал тарапынан берілген ескертпе ақауларды қалпына келтіру жұмыстары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл нысан мамандардың қатаң бақылауында.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Басты жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *