Алматыда 9 мамырда дрондар шоуы өтеді
Оңтүстік астанамызда 21:00-де Абай алаңында 500-ден астам дрон қатысатын жарық шоу көрсетіледі. Іс-шара Ұлы жеңістің 80 жылдығы аясында ұйымдастырылады. Аспанда Мәншүк, Әлия және Бауыржан Момышұлының бейнелері анимация арқылы бейнеленеді.
Көрермендерге арналған алаңдар:
Абай алаңы, «Қазақстан» қонақ үйі маңы, Caspian University, Абай даңғылы (Назарбаев — Достық).