Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу қарсаңында «Астана қаласының Мемлекеттік архиві» мен ҚР Президенттік орталығы бірлесіп «Тағдыры тарихқа айналған…» кітабының тұсаукесері мен «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрмесін ұйымдастырды.
Аталған кітап даңқты батыр Әлмұқан Сембиновке арналды. Төрт бөлімнен тұратын кітапта батырдың болмыс бітімі, еткен еңбегі, жүрген жолы қамтылған. Ал, «Ерлік дастаны» атты тарихи-деректі көрмесінде Астана қаласының мемлекеттік архивінің құжаттары мен материалдары негізінде Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Ақмола өңірінің әлеуметтік-экономикалық стратегиялық маңызын айғақтайтын деректер топтастырылған.
Кітаптың тұсаукесерінде «Даңқ» орденінің толық иегері Әлмұқан Сембиновтың жиені Бахыт Батталқызы сөз алып, алғысын білдірді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *