Батыс Қазақстан облысында қазақ киносының онкүндігі басталды. Оралдық көрерменге белгілі режиссер Талғат Теменовтың «Қара қыз» фильмі ұсынылды. «Қара қыз» – қаһармандық туралы фильм. Мұнда соғыс жылдарының шындығымен қатар қан майдан ортасында жанкешті ерлік көрсеткен батырларымыз бен тылда жүріп қыруар еңбек еткен азаматтардың адами құндылықтары баяндалады. Бұл Жеңістің 80 жылдығына арналып отыр.

«Бүгінде қазақстандық кино шығармашылық өрлеу кезеңін бастан кешіп жатыр. Тарих беттерін ашып көрсететін картиналар ұрпақтар арасындағы сабақтастықты нығайтуда, сондай-ақ мәдени мұраны сақтауда маңызды рөл атқарады. Ал Орал қаласында онкүндіктің ашылуы осы жолдағы маңызды қадам. Жеңістің 80 жылдығына орай қазақтың қайсар қыздары Мәншүк Мәметова мен Хиуаз Доспанованың туған жерінде біз алдымен «Қара қыз» көркем фильмін ұсынуды жөн таптық» — деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы Басқарма Төрағасының орынбасары Әділет Омаров.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қолдауымен 117 картинаның өндірісі аяқталды. Оның 72-сі – көркем, 37-сі – деректі, 8-і – анимациялық фильмдер.
Шара аясында әртүрлі жанрдағы фильмдер ұсынылады. Жекелей жіктесек, «Жамбыл. Жаңа дәуір», «Дос-Мұқасан» фильмдері арқылы тұлғаларымыздың жүріп өткен жолына қанығуға болады. Ал «Бауырына салу» деп аталатын кинода дәстүріміз дәріптеліп, ұлтқа деген сүйіспеншілік сезімі еселенбек. Кішкентай көрермендерге «Тайқазан» деп аталатын анимациялық туынды көрсетіледі.
/сурет ашық дереккөзден алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *