Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды

22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.

Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.

Фото: ашық дереккөзден

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Әлеумет

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Келесі Мақала:

0 %