Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған ұлттық науқан басталды
22 мамыр мен 1 маусым аралығында Қазақстанда алғаш рет Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама – балалар мәселесіне ерекше көңіл бөлуге және балалардың қауіпсіз ортада өсіп-жетілуіне жағдай жасауға, сондай-ақ қоғамның назарын бала құқығы мен балалық шақтағы өзекті мәселелерге аударуға бағытталған.
Аталған науқан «Әкем – тірегім, анам – жүрегім» ұранымен басталады.
Бүгін еліміздің түкпір-түкпірінде балаларға арналған мәдени-танымдық іс-шаралар, Отбасыны қолдау орталықтарында ашық есік күндері ұйымдастырылады. Онда қазақстандықтар түрлі сала мамандарынан кеңес алып, ата-ананың жауапкершілігін түсінуге арналған оқыту шараларына қатыса алады.
Фото: ашық дереккөзден