Қазақстандық боксшылар U22 Азия чемпионатында 10 алтын медаль жеңіп алды
Шри-Ланкада алғаш рет өткен бокстан U22 Азия чемпионатында қазақстандық жастар үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте көш бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа 16 мемлекеттен 67 боксшы қатысқан. Қазақстан ерлер құрамасы 10 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль еншіледі. Жеңімпаз атанған спортшылар:
-
Нұрхан Құмарбеков (48 келі)
-
Досымжан Таңатар (51 келі)
-
Алдияр Бахадүр (54 келі)
-
Нығман Нығмет (57 келі)
-
Әділет Тортубек (60 келі)
-
Мұхит Нұрқабылұлы (63.5 келі)
-
Сұлтан Тұрдалы (67 келі)
-
Игорь Соловьёв (80 келі)
-
Расул Асанханов (92 келі)
-
Бексұлтан Қайратұлы (+92 келі)
Күміс жүлдені Жасұлан Бердалы (75 келі), ал қола жүлдені Нұрсұлтан Қыстаубай (86 келі) иеленді.
Жалпы жүлде кестесіндегі алғашқы үштік:
-
Қазақстан – 23 алтын, 1 күміс, 1 қола
-
Тәжікстан – 2 алтын, 2 күміс, 3 қола
-
Қырғызстан – 1 алтын
Бұл нәтижелер Қазақстан құрамасының айқын басымдығын көрсетіп отыр.
Фото: Спортты дамыту дирекциясы