Белгілі спорт журналисі Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Бірнеше апта бұрын оның ауырып жүргенін, кейін ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде емделіп жатқаны жайлы ақпарат тараған еді.

Ол 1997 жылы Қазақ радиосында тілші болып еңбек жолын бастаған. Ұзақ жылдар бойы «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында спорт журналисі болып қызмет етті.

Ол мемлекеттік «Қазспорт» телеарнасының алғашқы директоры болды, сондай-ақ «Insport» телеарнасының бас редакторы қызметін атқарды.

2003 жылдан 2007 жылға дейін спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің жетекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Кейінгі жылдары Диас Ахметшәріп түрлі мемлекеттік органдарда баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді.

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Жаңалықтар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *