Бас қалада жазушы Жанұзақ Тұрсынбаевпен кездесу өтеді
Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу қарсаңында 2025 жылғы 28 мамырда, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы Жанұзақ Тұрсынбаевтың «Тида» романының тұсаукесері өтеді.
Жанұзақ Тұрсынбаев – заманауи қазақстандық жазушы, төрт романның авторы: «Ұмыту құмдары», «Тида», «Тұңғиықтың үстіндегі жіптер» және «Упойение». Жазушының туындылары Litres (litres.ru) және КазНЭБ (kazneb.kz), порталдарында қолжетімді, ал «Ұмыту құмдары» мен «Тида» романдары ағылшын тіліне аударылып, Amazon (amazon.com) платформасында жарық көрген.
«Тида» романы — жоғалту, эмпатия және рухани өзгеріс тақырыптарын терең зерттейтін көркем шығарма. Шығармадағы бас кейіпкер — Мұхит есімді дәрігер, ұлының қайғылы қазасынан кейін өмірі мен кәсіби жолын қайта қарауға мәжбүр болады. Жұмыс барысында ол аутист балаға тап болып, оның Тида деп аталатын қиял әлемі арқылы Мұхит өмірге жаңа қырынан қарап, рухани кемелденуге қадам басады.
Роман реализм мен фантастика элементтерін үйлестіре отырып, оқырманды эмоционалды әрі философиялық терең мазмұнға жетелейді. Кітап оқырманды қабылдау, түсіністік және адам рухының беріктігі туралы ойлануға шақырады.
Іс-шараға психология, әлеуметтік бейімделу және ішкі даму тақырыптарына қызығушылық танытқан шығармашылық зиялы қауым өкілдері, сала мамандары мен кітапхана оқырмандары қатысады.