Ата-ананы сыйлай…
Ертеде ағайынды екі жігіттің кәрі анасы болыпты. Кішісі анасына қызмет жасап, зыр жүгіреді екен. Үлкені Аллаға құлшылық жасап, күні — түні ғибадат қылып, намаз оқитын. Бір күні үлкен ағасы ұйқыда түс көріпті. Түсінде бір дауыс :» Сенің ініңді Алла жарылқады. Сол ініңнің құрметіне Алла саған да кешірім жасап,сені де жарылқады»- деді… -Бұл қалай ? Мен болсам Аллаға құлшылық қылып, намаз оқимын, ғибадат етемін. Ал інім болса, анамызды күтеді, басқа ғибадат құлшылығы жоқ — деп айтқанда. Жаңағы дауыс: — Алла сенің жасаған құлшылығына зәру емес.Ал анаң күтімге зәру, мұқтаж болып отыр. Сондықтан Алла анаңның ризашылдығын алғаны үшін ініңді жарылқады. Ана риза болған үшін ініңнің шарапатымен сені жарылқады — деді. Ата- анаға істеген қиянаттың жазасын Алла осы дүниеде беремін деген. Басқа күнәлардың жазасын ахиретте береді. Күнәнің жаманы- ата- анаға тіл тигізу, құрметтемеу.
Райхан Матаева
Жазба автордың жеке парақшасынан алынды