Ертеде ағайынды екі жігіттің кәрі анасы болыпты.
Кішісі анасына қызмет жасап, зыр жүгіреді екен.
Үлкені Аллаға құлшылық жасап, күні — түні
ғибадат қылып, намаз оқитын.
Бір күні үлкен ағасы ұйқыда түс көріпті.
Түсінде бір дауыс :» Сенің ініңді Алла жарылқады.
Сол ініңнің құрметіне Алла саған да
кешірім жасап,сені де жарылқады»- деді…
-Бұл қалай ? Мен болсам Аллаға құлшылық
қылып, намаз оқимын, ғибадат етемін.
Ал інім болса, анамызды күтеді, басқа ғибадат
құлшылығы жоқ — деп айтқанда.
Жаңағы дауыс : — Алла сенің жасаған құлшылығына зәру емес.Ал анаң күтімге зәру,
мұқтаж болып отыр.
Сондықтан Алла анаңның ризашылдығын алғаны
үшін ініңді жарылқады.
Ана риза болған үшін ініңнің шарапатымен сені
жарылқады — деді.
Ата- анаға істеген қиянаттың жазасын Алла осы
дүниеде беремін деген.
Басқа күнәлардың жазасын ахиретте береді.
Күнәнің жаманы- ата- анаға тіл тигізу, құрметтемеу.

Райхан Матаева,
Автордың жеке парақшасынан алынды

Басқа да жаңалықтар

Басқа да жазбалар:Айтарым бар

Пікір қалдырыңыз

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *