Белгілі еңбек ардагері атындағы тоғызқұмалақ турнирі аяқталды
Кеше Қызылорда облысы Қазалы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан азамат, еңбек ардагері Жалпақбай Нұрмағамбетовті еске алуға арналған тоғызқұмалақтан өткен облыстық турнир өз мәресіне жетті, деп хабарлайды FASTNEWS.KZ.
Ұлттық спорт түрінен үш күнге созылған турнирге Қызылорда қаласы мен барлық аудандардан командалар қатысып, әр түрлі жас ерекшелігі бойынша 180-ге жуық спортшы бақ сынасқан болатын.
Турнирдің қорытындысы бойынша жеңімпаздармен қатар, спортшыларға «Ең жас ойыншы», «Үздік ойыншы», ал төрешілерге «Әділ төрешілік жасағаны үшін» номинациялары мен қаржылай сыйлықтар табысталды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау шарасына ардақты азаматтың жақындары қатысты.
Айта кетейік, алдағы уақытта Қазалы ауданында тоғызқұмалақтан арнайы турнирлер өткізіліп, ұлттық спорт түрін насихаттау, дамыту бағытында бірқатар жұмыстар қолға алынбақ.
Фото: Қазалы ауданының әкімдігі